21.12.2025 18:33
«Барселона» ойыншысы үшін маусым аяқталды
21.12.2025 18:33
«Барселона» қорғаушысы Андреас Кристенсен қатардан шықты

29 жастағы Дания ойыншысы кеше жаттығу кезінде сол жақ тізесінің айқыш байламын үзіп алыпты. Осыған байланысты Андреас шамамен 4-5 ай уақыт командасына көмектесе алмайды.
Бұл оның мансабындағы 31-жарақаты болды. Осыған дейін 538 күні емделуге кетіп, 121 матчтан тыс қалған.
Кристенсен осы маусымда 17 матчқа қатысып, бір гол соқты. Оның «блаугранамен» келісімшарты келер жазда аяқталады.