21.12.2025 17:06

«Барселона» бес қорғаушыға көз тікті

21.12.2025 17:06

«Барселона» қорғаныс шебін күшейтуді жоспарлап отыр

Sport хабарлауынша, Каталонияның клубы Нико Шлоттербек («Боруссия»), Марк Гехи («Кристал Пэлас»), Йошко Гвардиол («Манчестер Сити»), Алессандро Бастони («Интер») және Ибраима Конатеге («Ливерпуль») қызығушылық білдіріп отыр.

Ал күйзелісте жүрген Рональд Араухо мен келер жазда келісімшарты аяқталатын Андреас Кристенсен «блаугранадан» кетуі мүмкін.

Айта кетейік, 17 турдан кейін 43 ұпай жинаған Ханс-Дитер Фликтің шәкірттері Испания Ла Лигасында көш бастап тұр. Бүгін, 21 желтоқсанда команда «Вильярреалға» қонаққа барады. 20:15-те басталатын матчты Setanta Sports 2 арнасынан тамашалай аласыздар.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram