21.12.2025 16:06

Тер Штеген ат басын Англияға бұруы мүмкін

21.12.2025 16:06

«Барселона» қақпашысы Марк-Андре тер Штеген мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін

Mundo Deportivo хабарлауынша, 33 жастағы неміс голкиперіне «Астон Вилланың» назары түсті. Одан бөлек оған Түркия мен Сауд Арабиясының клубтары да көз тігіп отыр.

Ал Каталония клубының бас бапкері Ханс-Дитер Флик негізгі ойыншы ретінде Маркқа емес, Жоан Гарсияға сенім артады екен.

Тер Штеген 29 шілде күні алған арқасындағы жарақатына байланысты ұзақ уақыт қатарда болмаған еді. Ол 16 желтоқсан күні ғана Испания кубогының 1/16 финалындағы «Гвадалахарамен» (2:0) ойында алаңға оралды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram