21.12.2025 14:40
Холанд АПЛ рекордын қайталады
21.12.2025 14:40
«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд «Вест Хэмге» (3:0) қарсы ойында дубль жасады

Осылайша Норвегия форварды АПЛ маусымының бастапқы 17 турында 19 гол соққан тарихтағы төртінші футболшы атанды.
Бұған дейін бұл көрсеткішті Энди Коул (1993/94 жылғы маусымда), Кевин Филлипс (1999/2000) және Луис Суарес (2013/14) тіркеген еді.
Холанд осы маусымда 27 матчта 28 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.