21.12.2025 14:17
Левандовскиге ресми ұсыныс түсті
21.12.2025 14:17
«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовскиге «Фенербахче» көз тікті

Krrish хабарлауынша, 37 жастағы Польша форвардына Түркияның клубы 10 миллион еуро ұсынды. «Барселона» әлі нақты сату туралы шешім қабылдаған жоқ. Роберттің өзі де маусымның қызған шағында командадан кеткісі келмейді екен.
Левандовски осы маусымда 17 матчта сегіз гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Оның Каталония клубымен келісімшарты келер жазда аяқталады.