19.12.2025 11:12
Тиаго Силва «Миланға» оралуы мүмкін
19.12.2025 11:12
Тиаго Силва қайтадан «Милан» ойыншысы атануы мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, «россонери» 41 жастағы Бразилия өкіліне бір жарым жылға жарамды келісімшарт ұсынбақ. Оны бас бапкер Массимилиано Аллегри өз командасында көргісі келеді екен.
Силва кеше, 18 желтоқсанда «Флуминенседен» кетіп, еркін агент атанған еді. Қазір ол Еуропаға оралуды көздеп отыр.
Айта кетейік, Тиаго «Милан» намысын 2009-2012 жылдары қорғаған. Осы аралықта 119 матчта алты гол соғып, екі нәтижелі пас берді.