19.12.2025 09:33
Исак «Алтын доп» иегері атанды
19.12.2025 09:33
«Ливерпуль» шабуылшысы Александер Исак Швецияның 2025 жылдағы үздік ойыншысы атанды

26 жастағы форвард өткен маусымда «Ньюкасл» сапында ойнап, 42 матчта 27 гол мен алты ассисттің авторы атанды.
Осылайша Исак мансабында алғаш рет аталған жүлдені жеңіп алды. Ал 2024 жылы Виктор Дьокереш үздік атанған.
Исак маусым басында «Ливерпульге» ауысқан еді. Содан бері 15 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.