19.12.2025 08:38
Моуринью 750-жеңісіне жетті
19.12.2025 08:38
Португалия кубогының 1/8 финалында «Бенфика» «Фаренсені» 2:0 есебімен жеңді

Бұл Лиссабон клубының бас бапкері Жозе Моуриньюдің мансабындағы мерейлі 750-жеңісі болды. Оған бұл межені бағындыру үшін 1214 матч жеткілікті болды.
62 жастағы маман бапкер ретіндегі жолында одан бөлек «Спортинг», «Порту», «Барселона», «Челси», «Интер», «Реал», «Манчестер Юнайтед», «Тоттенхэм», «Рома» және «Фенербахчені» жаттықтырған еді.