19.12.2025 02:00
«Наполи» Италия Суперкубогының финалына шықты
19.12.2025 02:00
Италия Суперкубогының жартылай финалында «Наполи» «Миланнан» басым түсті

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен матчта 2:0 есебі тіркелді. Ойынның 39-минутында Давид Нерес гол соқса, 63-те Расмус Хейлунд мергендік танытты.
Енді Антонио Конте шәкірттері финалда «Болонья» – «Интер» жұбының жеңімпазын күтеді.
Ақтық кездесу 22 желтоқсанға жоспарланған.