18.12.2025 21:34

«Атлетико» ойыншысы қатардан шықты

18.12.2025 21:34

«Атлетико» қорғаушысы Клеман Лангле саптан шықты

30 жастағы француз Испания кубогының 1/16 финалындағы «Балеареске» қарсы ойында жарақат алып, 10-минутта алаңдағы орнын босатқан еді.

Медициналық тексерістің нәтижесінде оның тізесінің ішкі байламы қатты созылып кеткені белгілі болды. Осыған байланысты ол кемі екі ай бойы командасына көмектесе алмайды.

Бұл Клеманның мансабындағы 10-жарақаты болды. Бұған дейін 151 күні емделуге кетіп, 25 матчтан тыс қалған. Ал осы маусымда 12 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram