18.12.2025 19:22
Лингард Англияға оралуды көздеп отыр
18.12.2025 19:22
Лингард АПЛ-ға қайта оралғысы келеді

«Сеул» клубының ойыншысы Джесси Лингард Ағылшын Премьер-лигасына қайта оралуға үміттеніп отыр. Әзірге ешқандай ұсыныс түспеген.
Дереккөздің мәліметінше, Лингардтың 2021 жылы жалға ойнаған «Вест Хэм» клубына қайта оралу ықтималдығы бар. Бірнеше күннен кейін 33 жастағы ойыншының клубпен келісімшарты аяқталады, сондықтан ол еркін агент атанады.
Айта кетейік, 2024 жылы Оңтүстік Кореяға кетпей тұрып, Лингард бүкіл мансабын Англияда өткізіп, «Манчестер Юнайтед», «Лестер», «Бирмингем», «Брайтон», «Дерби Каунти», «Вест Хэм» және «Ноттингем Форест» клубтарында өнер көрсетті.