18.12.2025 22:35

ПСЖ ойыншысы финалдан соң пікір білдірді

18.12.2025 22:35

Витинья: «Бұл шынымен маңызды финал болды»

ПСЖ клубының жартылай қорғаушысы Витинья өз командасының Құрлықаралық кубоктың финалында «Фламенгоны» жеңгені туралы пікір білдірді.

«Бұл - керемет сезім. Бұл шынымен маңызды финал болды, біз оны жеңіп шықтық. Оңай болған жоқ, біз көп еңбек еттік, енді өте қуаныштымыз. Жанкүйерлер ме? Олар әрдайым жанымызда, тіпті мұнда, Катарда да бізді қолдап, көмектесті. Пенальти сериясында олардың тұрған қақпасын таңдау бақыты бұйырды, бұл өте маңызды.», - деді Витинья.

Француз клубы негізгі уақытта қарсыластарымен тең ойнады (1:1), содан кейін пенальти сериясында (2:1) жеңіске жетіп, 2025 жылы алтыншы трофейін жеңіп алды.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram