19.12.2025 09:06

Невеш АПЛ-ге оралуы мүмкін

19.12.2025 09:06

«Әл-Хиләл» тұтқауылы Рубен Невеш Ағылшын Премьер-лигасына оралуы мүмкін

The Times хабарлауынша, 28 жастағы Португалия ойыншысы «Манчестер Юнайтед» немесе «Ньюкаслға» ауысуы мүмкін. Саудияның клубы Рубенді 20,5 миллион еуроға сатуға дайын. Ал Невештің өзі 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайды екен.

Невеш «Әл-Хиләл», сапына 2023 жылдың жазында «Вулверхэмптоннан» ауысып келген еді. Ол биыл 20 матчта алты гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram