19.12.2025 10:39
Гнабри «Баварияда» қалады
19.12.2025 10:39
Серж Гнабри «Бавариямен» келісімшартын ұзартады

Bild хабарлауынша, қос тарап 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімге қол қояды. Жаңа құжатқа сәйкес, оның жылдық жалақысы 15-16 миллион еуроны құрайды екен.
Айта кетейік, Гнабри «Бавария» намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді. Осы маусымда 30 жастағы Германия құрамасының шабуылшысы 20 ойында бес гол соғып, жеті нәтижелі пас берді. Ал оның қазіргі келісімшарты келер жазда аяқталады.