19.12.2025 10:08
Йылдызға АПЛ-дың топ-клубтары көз тікті
19.12.2025 10:08
«Ювентус» шабуылшысы Кенан Йылдыз мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін

Caught Offside хабарлауынша, 20 жастағы Түркия жұлдызының агенті «Челси» және «Арсеналмен» келіссөз жүргізіп жатыр.
Ал «Ювентус» қазіргі таңда Йылдызбен келісімшартты ұзартуға күш салуда. Кенанның өзі болса әлі болашағына қатысты шешім қабылдамапты.
Йылдыз осы маусымда 21 ойында алты гол соғып, алты нәтижелі пас берді.