19.12.2025 11:46
Икарди Ла Лига клубына ауысуы мүмкін
19.12.2025 11:46
«Галатасарай» шабуылшысы Мауро Икарди мансабын Испания чемпионатында жалғастыруы мүмкін

El Nacional хабарлауынша, 32 жастағы Аргентина форвардына «Реал Овьедо» көз тігіп отыр. Қазір қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр екен.
Икарди «Галатасарайға» 2022 жылы ПСЖ-дан ауысып келген еді. Ол осы маусымда Түркия Суперлигасында 15 матчқа қатысып, сегіз гол соқты.
Ал 16 турдан кейін небәрі 10 ұпай жинаған «Реал Овьедо» Ла Лигада 20 команданың ішінде 19-орында келеді.