21.12.2025 16:44

«Челси» ойыншысына төрт клуб «құда түсті»

21.12.2025 16:44

«Челси» қорғаушысы Аксель Дисаси жақында клуб ауыстыруы мүмкін

MilanNews 24 хабарлауынша, 27 жастағы французға «Рома», «Милан», «Ньюкасл» және «Вест Хэм» қызығушылық танытып отыр.

Лондон клубының бас бапкері Энцо Мареска Аксельді өз командасында көрмейді екен. Сондықтан «Челси» ойыншысын жалға беруге дайын.

Айта кету керек, Дисаси осы маусымда негізгі құрамға іліге алмай жүр. Соның салдарынан ол 21 жасқа дейінгі командада екі матч өткізіп үлгерді. Тіпті жаттығуды да жастармен өткізеді екен.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram