02.08.2026 22:01

«Барселонаның» тағы бір ойыншысы «Аяксқа» ауысуы мүмкін

02.08.2026 22:01

«Барселона» қорғаушысы Жофре Торрентс «Аяксқа» ауысуы мүмкін

Marca хабарлауынша, қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Амстердамның клубы оны сатып алу мүмкіндігімен жалға алғысы келеді. Бас бапкер Митчелл де 19 жастағы испаниялық ойыншыны аттай қалап отыр.

Бұған дейін «аяксидтер» «Барселонамен» қақпашы Марк-Андре Тер Штегенді бір маусымға жалға алу туралы келісімге келген еді.

Торрентс – «Ла Масия» түлегі. Ол «блаугрананың» негізгі командасында төрт матч өткізген.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram