22.11.2025 21:26
«Бавария» ірі есеппен жеңіске жетті
22.11.2025 21:26
Германия Бундеслигасының 11-турында «Бавария» өз алаңында «Фрайбургты» ірі есеппен жеңді

«Альянц Аренада» өткен кездесуде 6:2 есебімен жеңді. Матч бастала сала «Фрайбург» екі гол соққан еді. Алайда оған «Бавария» алты доппен жауап қатты. Алаң иелерінің сапында Майкл Олисе дубль жасаса, Карл Леннарт, Дайо Упамекано, Харри Кейн (пен.) және Николас Джексон бір голдан соқты.
Осылайша 31-ұпайын еншілеген Мюнхеннің клубы турнир кестесінде жеке-дара көш бастады.
Венсан Компани шәкірттері келесі турда 29 қараша күні «Санкт-Паулиді» қабылдайды. Ал одан үш күн бұрын Чемпиондар лигасында «Арсеналға» қонаққа барады.