22.11.2025 20:01
Бундеслигада рекорд орнады
22.11.2025 20:01
«Майнц» жартылай қорғаушысы Доминик Кор Бундеслигада ерекше нәтиже тіркеді

31 жастағы жергілікті ойыншы «Хоффенхаймға» (1:1) қарсы ойынның 88-минутында алаңнан қуылды.
Осылайша ол Германия біріншілігіндегі тоғызыншы қызыл қағазын алып, рекорд орнатты.
Бұған дейін бұл көрсеткіш бойынша сегіз рет жазаланған Луис Густаво («Хоффенхайм», «Бавария», «Вольфсбург») мен Йенс Новотны («Карлсруэ» мен «Байер») көш бастап тұрған еді.
Айта кетейік, Кор Бундеслиганың осы маусымында 10 матчқа қатысып, бір гол соғып үлгерді.