08.11.2025 22:44
«Бавария» алғаш рет ұпай жоғалтты
08.11.2025 22:44
Германия Бунделигасының 10-турында «Бавария» сырт алаңда «Унионмен» тең тарқасты
Берлинде өткен кездесуде 2:2 есебі тіркелді. Мюнхен клубының сапында Луис Диас пен Харри Кейн гол соқса, алаң иелері құрамында Данильо Дуки дубль авторы атанды.
Осылайша «Бавария» осы маусымда алғаш рет ұпайдан шашау шығарды. Бұған дейін 16 матчтың бәрінде жеңіске жетіп, рекорд орнатқан еді.
10 турдан кейін 28 ұпай жинаған Венсан Компани шәкірттері турнир кестесінде жеке-дара көш бастап тұр. Келесі турда команда 22 қараша күні «Фрайбургты» қабылдайды.