08.11.2025 22:24

Криштиану Роналду 953-голын соқты

08.11.2025 22:24

Саудия Про-лигасының 8-турында «Әл-Наср» сырт алаңда «Неомды» 3:1 есебімен жеңді

Эр-Рияд клубының сапында Криштиану Роналду пенальтиден гол соқса, Анжело мен Жоау Феликс бір мәрте мергендігімен көзге түсті.

Осылайша Криштиану Роналду мансабындағы 953-голын соқты. Сондай-ақ 180-рет пенальтиден қақпа торын тулатты.

Ал сегіз ойыннан кейін ұпайдан шашау шығармаған Жорже Жезуш шәкірттері турнир кестесінде жеке-дара көш бастады. Роналду бастаған ұжым келесі турда «Әл-Халиджді» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram