08.11.2025 19:29

«Тоттенхэм» мен «Манчестер Юнайтед» тең тарқасты

08.11.2025 19:29

Ағылшын Премьер-лигасының 11-турында «Тоттенхэм» мен «Манчестер Юнайтед» тең түсті

Лондонда өткен кездесуде 2:2 есебі тіркелді. Манкуниандықтардың сапында Брайан Мбемо мен Маттейс де Лигт гол соқса, оған Матис Тель мен Ришарлисон жауап қайырды.

Осылайша 18-ұпайына қол жеткізген «Тоттенхэм» онлайн турнир кестесінде үшінші орынға жайғасты. Бір қызығы, дәл осындай ұпайы бар «Манчестер Юнайтед» жетінші сатыда келеді.

Келесі турда Томас Франк шәкірттері «Арсеналға» қонаққа барса, «қызыл сойқандар» «Эвертонды» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram