08.11.2025 19:15
«Қайратпен» ойын кезінде Бастонидің үйіне ұры түсті
08.11.2025 19:15
Чемпиондар лигасындағы «Қайратқа» (2:1) қарсы ойын кезінде «Интер» қорғаушысы Алессандро Бастонидің үйіне ұры түсті

La Dazetta dello Sport мәліметінше, баукеспелер қымбат сағаттар мен бағалы сөмкелерді қолды қылған. Қарақшылар санаулы минуттың ішінде дегендеріне жетіп, дереу із суытыпты. Ұрлық кезінде үйде ешкім болмай, сәйкесінше ешкім зардап шекпеген екен. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бастони осы маусымда 14 ойында бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.