08.11.2025 18:24

Морган Роджерс «Астон Виллада» қалады

08.11.2025 18:24

«Астон Вилла» жартылай қорғаушысы Морган Роджерс клубта қалатын болды

Дэвид Орнштейннің мәліметінше, қос тарап келісімшартты 2031 жылға дейін ұзарту туралы келісімге келді. Жаңа құжатқа сәйкес, 23 жастағы ойыншының жалақысы да едәуір артады екен.

Англиялық футболшы Бирмингемнің клубымен жаңа қелісімге жақын күдері қол қояды. Осыған дейін Морганға «Арсенал» мен «Тоттенхэм» қызығушылық танытқан еді.

Роджерс «Астон Вилла» намысын 2024 жылдың ақпан айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта 85 ойында 18 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram