08.11.2025 16:25

«Ливерпуль» ойыншысы клуб ауыстыруы мүмкін

08.11.2025 16:25

«Ливерпуль» қорғаушысы Ибраима Конате жақында клуб ауыстыруы мүмкін

Bild мәліметінше, француз футболшысына ПСЖ, «Бавария» және «Реал» қызығушылық танытып отыр. 26 жастағы ойыншының агенті қазіргі таңда аталған үш клубпен де келіссөз жүргізіп жатыр екен.

Конате осы маусымда 15 матчқа қатысып, бір мәрте мергендік танытты. Оның Мерсисайд клубымен келісімшарты келер жазда күшін жояды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram