08.11.2025 15:07
«Манчестер Сити» ойыншысы «Барселонаға» ауысуы мүмкін
08.11.2025 15:07
«Манчестер Сити» қорғаушысы Джон Стоунз мансабын «Барселонада» жалғастыруы мүмкін

Fichajes мәліметінше, Каталония клубы 31 жастағы футболшыны келер жазда еркін агент ретінде қатарына қосқысы келеді.
Англия құрамасы ойыншысының «Манчестер Ситимен» келісімшарты 30 маусымда күшін жояды. Әзірге оны ұзарту жөнінде келіссөз жүріп жатырған жоқ екен.
Стоунз осы маусымда тоғыз ойынға қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.