08.11.2025 13:14

Кукурелья Испанияға оралуы мүмкін

08.11.2025 13:14

Марк Кукурельяға «Атлетико Мадрид» қызығып отыр

«Челси» клубының қорғаушысы Марк Кукурелья Испанияға оралуы ықтимал. Испанияның басылымы Fichajes таратқан ақпаратқа сәйкес, 27 жастағы футболшыға «Атлетико Мадрид» қызығушылық танытып отыр.

«Атлетико» басшылығы Кукурельяны өз сапына қосу жоспарын қарастыруда. Дегенмен, мәліметтерге сүйенсек, клуб ағылшындармен келіссөздерді әзірге бастамайды. Себебі, «Атлетико» «Челси» қорғаушысын ағымдағы маусым ортасында қолжетімді бағаға босата қоймайды деп есептейді.

Ойыншының клубпен келісімшарты 2028 жылға дейін қарастырылған. Сондықтан бұл ауысым жақын күндері орын алмайтын секілді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram