08.11.2025 12:47

Рюдигер Мадридте қалады

08.11.2025 12:47

«Реал» Рюдигермен келісімшартты ұзартуды жоспарлап отыр

Клуб пен қорғаушы арасындағы келісімшартты ұзарту жөніндегі алғашқы келіссөздер бірнеше ай бұрын басталған. Бұл жағдай бойынша қос тарапта да ешқанадай мәселе жоқ.

Клуб басшылығы Рюдигердің тәжірибесін жоғары бағалайды және оның командаға қосар үлесі зор деп есептейді. Әсіресе, негізгі құрамда жас ойыншылардың көп екенін ескерсек, неміс қорғаушысының көшбасшылық қасиеттері команда үшін аса қажет болмақ.

Қазіргі келісімшарт мерзімі аяқталуға жақын болғандықтан, «Реал» қорғаушыны ұзақ мерзімге клубта көруге ниетті. Осыған дейін Сауд Арабиясының клубтары және «Челси» қызығушылық танытып отыр деген ақпарат тараған болатын.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram