08.11.2025 11:31

«Реал» Винисиустан шаршады

08.11.2025 11:31

«Реал Мадрид» Винисиусты сатуға дайын

«Реал Мадрид» клубы шабуылшы Винисиус Жуниорды сатуға шешім қабылдаған. Бұл туралы немістің Bild басылымы жазды.

Ақпаратқа сәйкес, клуб басшылығы мен бапкерлер штабы ойыншының мінез-құлқынан және соңғы айларда жиілеген эмоциялық әрекеттерінен шаршаған. «Барселонамен» өткен эль класикодағы жағдай тағы бар.

Қазірдің өзінде Еуропаның бірнеше ірі клубтары Винисиусқа қызығушылық танытқан деген ақпарат бар. Алайда «Реал» ресми түрде ойыншының сатылымға қойылғанын растаған жоқ.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram