07.11.2025 22:21
А Сериясының қазандағы үздіктері анықталды
07.11.2025 22:21
Италия А Сериясының қазандағы үздіктері белгілі болды

Үздік ойыншы «Наполи» жартылай қорғаушысы Франк Замбо Ангисса атанды. Өткен айда Камерун құрамасының ойыншысы үш гол соқты.
Ал «үздік бапкер» жүлдесін Джан Пьеро Гасперини жеңіп алды. 67 жастағы маманның тұсында «Рома» төрт матчтың үшеуінде жеңіске жетті.
Айта кетейік, Италия біріншілігінде 10 турдан кейін 22 ұпай жинаған «Наполи» көш бастап тұр.