07.11.2025 18:23

Рубен Аморим АПЛ-дың үздік бапкері атанды

07.11.2025 18:23

Рубен Аморим Ағылшын Премьер-лигасының қазандағы үздік бапкері атанды



Оның тұсында «Манчестер Юнайтед» өткен айда үш ойынның бәрінде жеңіске жетті.

40 жастағы португал маманы дауыс беру нәтижесінде Унаи Эмери («Астон Вилла»), Микель Артета («Арсенал») және Андони Ираоланы («Борнмут») қапы қалдырды.

Осылайша Аморим бұл жүлдеге бірінші рет қол жеткізді.

Айта кетейік, 10 турдан кейін 17 ұпай жинаған манкуниандықтар турнир кестесінде 8-орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram