07.11.2025 17:37

«Милан» Левандовскиге көз тікті

07.11.2025 17:37

Шабуылшыға қызығатындар көбейді

Италияның «Милан» клубы қысқы трансфер кезеңінде Роберт Левандовскиді өз сапына қосуды жоспарлап отыр. Дегенмен, футболшы қазіргі командасы «Барселонамен» келісімшартын ұзартуға ниетті.

Клубтар арасындағы ресми келіссөздер әзірге басталған жоқ. Шабуылшы «Барселонаның» шешімін күтіп отыр. Егер клуб оған тиімді ұсыныс жасаса, басқа командалармен келіссөздер жүргізілмейді.

Левандовски осы маусымда 5 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram