07.11.2025 17:55

Брайан Мбемо АПЛ-дың үздік ойыншысы атанды

07.11.2025 17:55

Брайан Мбемо Ағылшын Премьер-лигасының қазандағы үздік ойыншысы атанды

«Манчестер Юнайтед» ойыншысы өткен айда үш матчта үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

26 жастағы камерундық вингер дауыс беру нәтижесінде Мэтти Кэш («Астон Вилла»), Бруно Гимарайнш («Ньюкасл»), Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»), Жуниор Крупи («Борнмут»), Норди Мукиеле («Сандерленд»), Игор Тиаго («Брентфорд») және Юрриен Тимберді («Арсенал») шаң қаптырды.

Осылайша Брайан мансабында алғаш рет аталған жүлдені жеңіп алды. Ал осы маусымда жалпы 11 матч өткізіп, бес гол мен бір ассисттің авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram