07.11.2025 18:43

Қазақстан – Бельгия матчында аншлаг болады

07.11.2025 18:43

Қазақстан Ұлттық құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турниріндегі соңғы матчын Бельгияға қарсы өткізеді

«Астана Аренада» болатын кездесуде стадион лық толайын деп тұр. Себебі, матчтың билеттері түгел сатылып кетті.

Аталған ойын 15 қараша күні, сағат 19:00-ге жоспарланған.

Айта кетейік, Талғат Байсуфинов шәкірттері 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде J тобында Солтүстік Македония, Уэльс, Лихтенштейн және Бельгия құрамаларымен сынға түсіп жатыр. Жеті ойында жеті ұпай жинаған отандастарымыз турнир кестесінде төртінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram