08.11.2025 12:36

Лионель Месси атындағы стадион

08.11.2025 12:36

«Интер Майами» жаңа стадионын Мессидің есімімен атауы мүмкін

АҚШ-тың МЛС лигасында өнер көрсететін «Интер Майами» клубы жаңа стадионын салуға дайындалып жатыр. Шетелдік БАҚ-тардың хабарлауынша, аренаны клубтың жұлдызы Лионель Мессидің құрметіне атау мүмкіндігі қарастырылуда.

Болашақ арена «Lionel Andrés Messi Stadium» деп аталуы ықтимал. Мұндай шешім Мессидің америкалық футболға қосқан үлесі үшін қабылданған.

Клуб басшылығы ресми шешім әлі қабылданбағанын айтқанымен, жанкүйерлер арасында бұл идея үлкен қолдау тапқан.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram