08.11.2025 13:37

Давид Алаба қатарға оралды

08.11.2025 13:37

«Реал» қорғаушысы Давид Алаба қатарға оралды

Аустриялық қорғаушы топтық жаттығуға қосылыпты. Енді ертең өтетін ішкі біріншіліктегі «Райо Вальеканоға» қарсы ойынға дайын болады екен.

33 жастағы қорғаушы осыған дейін «Хетафеге» (1:0) қарсы ойында бұлшық етін жарақаттап алған еді. Соның салдарынан соңғы төрт матчтан тыс қалды. Ал осы маусымда төрт матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алған жоқ.

Айта кетейік, Ла Лиганың 12-турында аясында өтетін «Райо Вальекано» мен «Реал» арасындағы кездесу ертең, 9 қараша сағат 21:15-ке жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram