08.11.2025 12:59

«Ливерпуль» мықтыларды сақтап қалды

08.11.2025 12:59

«Ливерпуль» екі маңызды жартылай қорғаушы бойынша шешім қабылдады

«Ливерпуль» басшылығы жартылай қорғаушы Доминик Собослаимен келісімшартты ұзарту туралы келіссөздерді бастады. Инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, «қызылдар» футболшымен ынтымақтастықты жалғастыруға шешім қабылдаған.

Бұдан бөлек, тағы бір жартылай қорғаушымен жаңа келісім жасаспақ. Райан Гравенберхте мансабын «Ливерпульде» жалғастыруға қарсы емес.

Ағылшын Премьер-лигасының 10 турынан кейін «Ливерпуль» 18 ұпай жинап, турнирлік кестеде үздік үштікті түйіндеп тұр. Арне Слоттың шәкірттері көш бастап келе жатқан «Арсеналдан» жеті ұпайға қалып келеді. Келесі турда «қызылдар» «Манчестер Ситиге» қарсы бақ сынасатын болады.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram