08.11.2025 15:43
«Боруссия Дортмунд» Санчоға көз тікті
08.11.2025 15:43
«Боруссия Дортмунд» Джейдон Санчоны қайтарып алғысы келеді

«Боруссия Дортмунд» клубы бұрынғы ойыншысы Джейдон Санчоны тағы да өз құрамына алу үшін әрекет етуде. Германияның клубы шабуылшыны тек еркін агент ретінде алуды көздеп отыр. Санчоның қазіргі келісімшарты «Астон Вилламен» 2026 жылдың жазында аяқталады.
Джейдон Санчо 2017-2021 және 2023/24 жылдары «Боруссия Д» намысын қорғаған еді.
Футболшы биыл «Астон Вилла» командасында доп теуіп жүр. Әзірге ешқандай нәтижелі ойынымен көзге түспеді.