08.11.2025 19:45
Финалиссима қашан өтеді?
08.11.2025 19:45
Финалиссима қашан өтетіні белгілі болды

Marca мәліметінше, қазіргі Еуропа чемпионы Испания мен Копа Америка жеңімпазы Аргентина 2026 жылдың 28 наурызында өзара кім мықтыны анықтайды.
Екі құрлықтың үздігі күш сынасатын кездесу Қатардағы «Лусаил» стадионында өтеді.
Айта кетейік, бұл тарихтағы екінші Финалиссима болмақ. 2022 жылы өткен алғашқы турнирде Аргентина Италияны 3:0 есебімен жеңіп, чемпион атанған еді.