16.04.2026 02:09

«Бавария» Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты

16.04.2026 02:09

Чемпиондар лигасы ширек финалының қарымта матчында «Бавария» өз алаңында «Реалдан» басым түсті

«Альянц Аренада» өткен кездесу 4:3 есебімен аяқталды. Алаң иелерінің сапында Александр Павлович, Харри Кейн, Луис Диас және Майкл Олисе мергендік танытты. Ал «бланкос» құрамында Арда Гүлер дубль жасаса, Килиан Мбаппе бір гол соқты. Сондай-ақ Эдуардо Камавинга мен Арда Гүлер алаңнан қуылды.

Осылайша Мюнхеннің клубы қос матчтың қорытындысы бойынша 6:4 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.

Венсан Компани шәкірттері финал жолдамасын ПСЖ-мен сарапқа салады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram