15.04.2026 19:52
Рафинья жазалануы мүмкін
15.04.2026 19:52
УЕФА «Барселона» вингері Рафиньяға жаза қолдануы мүмкін

Осыған дейін 29 жастағы бразилиялық ойыншы «Атлетико» – «Барселона» (2:1) матчындағы төрешілерді сынап, ойынды «ұрланған» деп атаған еді.
Mundo Deportivo хабарлауынша, «блауграна» дүлдүлі осы сөзі үшін Чемпиондар лигасының үш матчынан шеттетілуі мүмкін. Егер бұл расталса ол келер маусымдағы бастапқы үш турдан тыс қалады.
Бұған дейін мұндай жағдай 2019 жылы болған. Ол кезде Неймар ПСЖ – «Манчестер Юнайтед» матчының төрешілерін Instagram желісінде ашық табалаған еді. Сөйтіп алғашында үш матчтан шеттетіліп, кейін ол екіге дейін қысқарды.