15.04.2026 15:05
Нуну Мендеш «Барселонаға» ауысуы мүмкін
15.04.2026 15:05
ПСЖ қорғаушысы Нуну Мендеш мансабын Испанияда жалғауы мүмкін

Topskills Sports UK хабарлауынша, 23 жастағы португалиялық ойыншыға «Барселона» қызығушылық танытып отыр. Каталония клубының бас бапкері Ханс-Дитер Флик жеке өзі Мендешті командасында көргісі келеді екен. Тіпті бұл туралы басшылыққа жеткізіп, Нунуды алып беруін сұрапты.
Париждің клубы Мендешті 2022 жылы «Спортингтен» 38 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 37 матчта алты гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.