07.02.2026 12:55
«Бавария» Нойерге жаңа келісімшарт ұсынды
07.02.2026 12:55
Мануэль Нойер «Баварияда» қалуы мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, Мюнхеннің клубы 39 жастағы неміс қақпашысына 2027 жылға дейін жарамды болатын жаңа келісімшарт ұсынды. Енді әлі нақты шешім қабылдамаған Манудың жауабын күтіп отыр.
Нойер «Бавария» намысын 2011 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 25 матчта 26 гол жіберіп, жеті ойында қақпасына доп өткізбеді. Оның қазіргі келісімшарты 30 маусымда аяқталады.