07.02.2026 12:27
«Реал» топ-қорғаушыны тегін алмақ
07.02.2026 12:27
«Ливерпуль» қорғаушысы Ибраима Конате мансабын «Реалда» жалғауы мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, Мадридтің клубы 26 жастағы француз қорғаушысын шілде айында еркін агент ретінде тегін алғысы келеді. Тіпті оған 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды болатын келісімшарт ұсынып қойыпты.
Конате «Ливерпульге» 2021 жылы «Лейпцигтен» 40 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 31 матчқа қатысып, екі гол соқты.