06.02.2026 22:25

Хусанов «Манчестер Ситидің» үздік ойыншысы атанды

06.02.2026 22:25

Абдуқодир Хусанов «Манчестер Ситидің» қаңтардағы үздік ойыншысы атанды

Өткен айда толық жеті матч өткізген өзбекстандық қорғаушы жүлдеге таласта Джанлуиджи Доннарумма мен Бернарду Силваны артқа тастады.

Осыған дейін 21 жастағы ойыншы бұл аталым бойынша былтыр ақпан айында топ жарған еді.

Хусанов «қалалықтардың» сапына 2025 жылдың басында «Ланстан» 40 миллион еуроға ауысып келді. Ол осы маусымда 19 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram