06.02.2026 19:51

Рафинья алдағы матчқа қатыспайды

06.02.2026 19:51

«Барселона» дүлдүлі Рафинья тағы да қатардан шықты

29 жастағы бразилиялық вингер оң аяғының бұлшық етін зақымдап алып, «Альбасетеге» (2:1) қарсы ойнамаған еді.

Ол осы жарақатына байланысты «Мальоркамен» матч алдындағы жаттығудан тыс қалыпты және ойынға да қатыспайды екен.

Ла Лиганың 23-туры аясында өтетін «Барселона» – «Мальорка» матчы ертең, 7 ақпан күні сағат 20:15-те басталады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram