06.02.2026 16:10

«Интер» ойыншысына «Баварияның» көзі түсті

06.02.2026 16:10

«Интердің» орталық қорғаушысы Янн Биссек «Баварияға» ауысуы мүмкін

SPORT1 хабарлауынша, Мюнхеннің клубы 25 жастағы неміс футболшысына әзірге тек қызығушылық танытуда. Қос тарап арасында тіпті байланыс та болмаған. Бірақ алдағы уақытта ұсыныс жасауды жоспарлап отыр.

«Интер» болса Яннан айырылып қалғысы келмейді. Қазір онымен келісімшартты ұзарту жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр екен. Осыған дейін «нерадзурри» оған түскен АПЛ клубының ұсынысынан бас тартыпты.

Биссек осы маусымда 21 матчта бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram