06.02.2026 12:44

«Селтик» «Ливерпульдің» бұрынғы ойыншысын алады

06.02.2026 12:44

Алекс Окслейд-Чемберлен «Селтик» ойыншысы атануға жақын

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 32 жастағы англиялық жартылай қорғаушы «кельттер» сапына еркін агент ретінде қосылады. Қос тарап бүгін, 6 ақпанда алты айға жарамды келісімшартқа қол қояды екен.

Алекстің соңғы клубы «Бешикташ» болды. Ол Ыстамбұл ұжымынан тамыз айында кетті. Ал оған дейін «Ливерпуль», «Арсенал» және «Саутгемптонде» ойнаған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram