06.02.2026 11:08
Стерлинг «Наполиге» ауысуы мүмкін
06.02.2026 11:08
Рахим Стерлинг мансабын «Наполиде» жалғауы мүмкін

The Sun хабарлауынша, қос тарап қазір келіссөз жүргізіп жатыр. 31 жастағы англиялық вингер Неапольдің клубына ауысуға дайын. Ол Кевин де Брюйнемен қайтадан бірге ойнағысы келеді екен.
Осыған дейін 28 қаңтарда Стерлинг «Челсиден» кеткен еді. Қос тарап 2027 жылға дейін жарамды болған келісімшартты мезгілінен бұрын бұзды.
Рахим осы маусымда бірде-бір матч өткізген жоқ.